Scholege

Білім беру қосымшаларындағы жасанды интеллектті қадағалау

Жасанды интеллектке рұқсат беріңіз, соңғы сөз сізде болсын.

Tulga оқушының жасанды интеллектпен жазысқанын оның жасына, педагогика талабына және мектебіңіздің ережесіне қарай тексереді. Қауіпті сәтті байқаса, дәйексөзі мен себебін көрсетіп, жауапты адамның алдына қояды.

Электрондық платаға орнатылған, үстінде «Tulga, қадағалау қабаты» деп жазылған чип; иллюстрациялық сурет

Tulga

Tulga оқушының хабарламасын, қосымшадағы жасанды интеллекттің жауабын және оқу контекстін бірге қарайтын қадағалау жүйесі. Бақылау режимінде қосымша жауабын өзгертпей береді, ал Tulga әр тексерудің себебін жазып, тіркеп отырады. Араласу тек мекемеңіз алдын ала белгілеген сыни жағдайлармен шектеледі, соңғы шешімді жауапты адам қабылдайды.

Формат
Білім беру қосымшасына қосылатын қадағалау жүйесі және мекемеге арналған тексеру панелі
Кімге арналған
Жасанды интеллект қосымшаларын қолданатын мектептер мен мекемелер; сол қосымшаларды жасайтын командалар
Мектебіңізде
Оқушылар қолданатын жасанды интеллект қосымшаларын қадағалау, анықталған жайттарды мекеме ішінде бақылау
Нәтиже
Әр жайтқа жеке карточка: дәйексөз, себеп, жауапты адам және қай кезеңде тұрғаны; түзетуден кейін қайта бағалау

Қалай өтеді

Анықталған бірде-бір жайт иесіз қалмайды.

  1. 1

    Ережені белгілеңіз

    Жас ерекшелігін, тексерілетін тақырыптарды, араласу шегін және анықталған жайттарды кім қарайтынын мекемеңіз алдын ала шешеді. Tulga сіздің ережеңізбен жұмыс істейді.

  2. 2

    Қосымшаны қосыңыз

    Қосымшаның жасанды интеллектке жіберетін сұраулары мен алатын жауаптары Tulga арқылы өтетіндей етіп қосылады. Қандай деректер өңделетінін іске қосу кезінде бірге шешеміз.

  3. 3

    Бақылаудан бастаңыз

    Бақылау режимінде қосымшаның жауабы оқушыға өзгеріссіз жетеді. Tulga әр тексерудің себебін жазып, тіркеп отырады.

  4. 4

    Анықталған жайттарды қараңыз

    Қауіпті сөйлесу дәйексөзі мен себебімен бірге жауапты топтың алдына түседі. Карточкамен кім айналысып жатқаны және ол қай кезеңде тұрғаны сол жерден көрінеді.

  5. 5

    Түзетіп, қайта тексеріңіз

    Қабылданған шара тіркеледі. Түзетуден кейін қосымша сол өлшемдермен қайта бағаланады, түзетудің нәтиже бергенін көресіз.

Ішінде не бар

Tulga сөйлесуді контекстімен оқиды.

  • Контексті ескеретін тексеру

    Оқушының сұрағы, қосымшаның жауабы және оқу контексті бір бағалауда қаралады. Бір жасқа орынды жауап басқа жаста мәселе болуы мүмкін, сондықтан Tulga жас тобы мен тапсырма түрін есепке алады.

  • Бала қауіпсіздігімен шектелмейді

    Бала қауіпсіздігі, жеке деректердің құпиялығы, жасқа және оқу бағдарламасына сәйкестік, ғылыми дұрыстық, мәдениет пен сенімге құрмет, көмек қажеттілігі. Қай тақырыптарға қарайтынын мекемеңіз шешеді.

  • Көзге түспейтін педагогикалық тәуекелдер

    Әр тәуекел бірден көзге шалына бермейді. Оқушыны өзіне байлап алатын, дәлелсіз беделсінетін, оның орнына ойлайтын не көмек сұрауын кешіктіретін жауаптар да тексеріледі.

  • Алдымен бақылау, керек болса араласу

    Бақылау режимінде қосымша әдеттегідей жұмыс істей береді. Араласу тек мекемеңіз белгілеген сыни жағдайларда іске қосылады және сол қауіпті жауаппен ғана шектеледі.

  • Әр жайттың себебі жазулы

    Әр жайт тиісті дәйексөзімен, себебімен, жауапты бөліммен және қай кезеңде тұрғанымен тіркеледі; түзету мен қайта бағалау да сол карточкада бақыланады. «Бұл неге белгіленді?» деген сұрақтың жауабы карточкада дайын тұрады.

  • Барлық бағдарлама бір панельде

    Мекемеңіз бақылайтын жасанды интеллект бағдарламаларын, ашық жайттарды және тексеру барысын бір панельден көреді.

Кім не ұтады

Жасанды интеллект жұмыс істейді, бақылау мектебіңізде қалады.

  • Мекеме

    Ережені өзі жазады: жас ерекшелігі, қолдану тәртібі, араласу шегі, кім нені қарайтыны. Ата-ана «Бұл қалай қадағаланады?» деп сұраса, түсіндіретін тәртібі де, көрсететін жазбасы да бар.

  • Tulga

    Хабарлама мен жауапты бірге оқып, қауіпті сөйлесуді дәйексөзі мен себебімен белгілейді. Диагноз қоймайды, жаза тағайындамайды: карточканы дайындап, жауапты адамның алдына қояды.

  • Жауапты адам

    Барлық жазысуды бір-бірлеп оқымайды. Алдына келген жайтқа, оның дәйексөзі мен себебіне қарап, мекеменің тәртібі бойынша шешім қабылдайды. Көмек туралы шешімді маман қабылдайды.

Сұрақ-жауап

Шешім алдындағы сұрақтар.

Tulga қосымшаның жауабын өзгерте ме?

Бақылау режимінде өзгертпейді. Жауап қосымшанікі, өзгеріссіз өтеді. Араласу тек мекемеңіз алдын ала белгілеген сыни жағдайларда, сол қауіпті жауаппен шектеліп жасалады. Араласу шегі мен оны кім кері қайтара алатыны да басынан белгіленеді.

Соңғы шешімді кім қабылдайды?

Мекемеңіз уәкілеттік берген адам. Tulga қауіпті сөйлесуді белгілеп, себебін жазады, диагноз қоймайды. Бір ғана автоматты белгі қосымшаға шара қолдану туралы шешім дегенді білдірмейді. Оқушыға көмек керек пе, жоқ па, оны маман шешеді.

Қандай тәуекелдерді тексереді?

Бала қауіпсіздігі, жеке деректердің құпиялығы, жасқа және оқу бағдарламасына сәйкестік, ғылыми дұрыстық, мәдениет пен сенімге құрмет және көмек қажеттілігі. Эмоциялық тәуелділік, оқушының орнына ойлау сияқты байқала бермейтін педагогикалық тәуекелдер де қамтылады.

Қосымшаға қалай қосылады, қандай деректер өңделеді?

Қосымшаның жасанды интеллектке жіберетін сұраулары мен алатын жауаптары Tulga арқылы өтетіндей етіп қосылады. Қандай деректер өңделетінін, қанша уақыт сақталатынын және кім көре алатынын іске қосу кезінде мекемеңізбен бірге шешеміз.

Мұғалімнің не мектеп психологының орнын баса ма?

Жоқ. Tulga мұғалім мен психологтың жұмысын жеңілдетеді, олардың орнына шешім қабылдамайды. Тәуекелдің қаншалықты шұғыл екені, әлі де бар-жоғы мекемеңізде бекітілген тәртіппен қаралады. Оқушының не үйренгені оның өз бетімен орындаған жұмысы арқылы бөлек бағаланады.

Сөйлесейік

Мектебіңіздегі жасанды интеллектті өз ережеңізбен қадағалаңыз.

Қай қосымшаларды қосқыңыз келетінін, тексеру ережелеріңізді және мектепте анықталған жайттармен кім айналысатынын кездесуде нақтылайық.