Тікелей интерактивті виртуалды сынып
Экранның арғы жағындағы оқушы да сабаққа аралассын.
Шағын тест, сауалнама, ақ тақта, топтық бөлмелер және шағын ойындар тікелей сабақтың ішінде. Сабақ біткенде қатысу, сөйлеу уақыты мен тест нәтижелері есепте дайын тұрады.

Superclass
Superclass Scholege-нің тікелей сабақ өткізетін платформасы. Мұғалім дайындаған сабақ көріністерін, PDF файлдар мен суреттерді бүкіл сыныпқа бір мезетте ашады, тест, сауалнама, ақ тақта және топтық бөлмелер арқылы оқушыны сабаққа тартады. Сабақ біткенде қатысу, тест нәтижелері мен белсенділік туралы мәлімет есепте дайын; таңдаған жазу режиміңізге қарай жазба мен транскрипт те сонда.
- Формат
- Веб-платформадағы тікелей сынып; әркім сабаққа сол сабақтың жеке сілтемесімен кіреді
- Кімге арналған
- Тікелей сабақ өткізетін мектептер мен мекемелер, олардың мұғалімдері мен оқушылары
- Мектебіңізде
- Кесте бойынша өтетін тікелей сабақтар және Speaking Clubs сабақтары
- Нәтиже
- Өткен сабақ, қатысу, тест нәтижелері, белсенділік есебі және қаласаңыз, сабақ жазбасы
Қалай өтеді
Кестедегі әр сабақ есеппен аяқталады.
- 1
Сабақты жоспарлаңыз
Сабақты мекемеңіз не қолданыстағы жүйеңіз күнін, ұзақтығын, мұғалімін және сабақ сценарийін белгілеп ашады. Бірдеңе бола қалса деп, қосалқы мұғалімді де басынан қосып қоюға болады.
- 2
Сілтемелерді жіберіңіз
Мұғалім мен оқушы құпиясөзбен әуре болмайды, жеке сілтемесімен бір басып кіреді. Сабақты тек көріп отыратындарға бөлек сілтеме де жасауға болады.
- 3
Сабақты тікелей өткізіңіз
Көріністер мен PDF беттерін сіз ауыстырасыз, бәрінің экранында бір мезетте ауысады. Тест, сауалнама, тақта мен топтық бөлмелерді сабақтың ырғағына қарай іске қосасыз.
- 4
Жүріп жатқан сабақтарды бақылаңыз
Әкімші тікелей бақылау экранынан мұғалімнің сабақта бар-жоғын, камера, микрофон және байланыс ақауларын көреді. Мұғалім қосыла алмаса, қосалқы мұғалімді тағайындайды.
- 5
Есептерді қараңыз
Сабақ біткенде қатысуды, тест нәтижелерін, сөйлеу уақыты мен белсенділік баллын сабақ, оқушы және мұғалім бойынша көресіз.
Ешкім тіркелгі ашпайды, құпиясөз жаттамайды. Әркім сабаққа өз сілтемесімен кіреді.
Ішінде не бар
Сабақты жанды ұстайтын құралдар қол астыңызда.
Басып, ойнайтын сабақ көріністері
Фон, сурет, PDF, қысқа бейне, басуға болатын аймақтар мен шағын ойындардан құрған көрінісіңіз бәрінің экранында бір мезетте ашылады. Сәйкестендіруде, ретімен қоюда, бос орынды толтыруда оқушы жай қарап отырмайды, ойнайды.
Жедел тест, жедел сауалнама
Бағаланатын тестті сабақ ортасында не соңында ашыңыз. Бір сұрақтық сауалнамамен сыныптың жай-күйін сол сәтте біліңіз.
Ортақ тақта, бөлек топтық бөлмелер
Ақ тақта бірнеше бетпен жұмыс істейді. Топтық бөлмелерде әр топтың бейнесі, тақтасы мен құжаттары бөлек, сондықтан көп адамды сынып шағын үстелдерге бөлінеді.
Көріністің ішіндегі мұғалім
Жасыл экранның көмегімен мұғалім сабақ көрінісінің ішіне кіріп, заттардың алдында не артында тұра алады. Мұғалім енді экран бұрышындағы кішкентай терезеде ғана көрініп отырмайды.
Жазуды өзіңіз таңдайсыз
Жазу режимі сабақ басталмай тұрып таңдалады, әдепкі бойынша сабақ жазылмайды. Дыбыс жазылатын режимдерде кімнің не айтқаны сөйлеушіге бөлініп, транскриптке түседі.
Жүріп жатқан сабақтар бір экранда
Мұғалім сабақта ма, камерасы мен микрофоны қосулы ма, байланысында ақау бар ма? Әкімші бәрін бір экраннан көреді. Бұл экран қазір бета нұсқада.
Кім не ұтады
Мұғалім сабағына көңіл бөледі, мекемеңіз алаңсыз.
Мұғалім
Сабақ түсіндіре жүріп, сыныпты да қолында ұстайды: көрініс, тест, сауалнама және топтық бөлме бір сыныпта. Сабақтан кейін кімнің қанша сөйлегенін есептен көреді, үнсіз қалған оқушыны болжап іздемейді.
Оқушы
Құпиясөзсіз, өз сілтемесімен кіреді. Қол көтереді, чатқа жазады, шағын ойындар ойнайды, топтық бөлмеде сыныптастарымен бірге жұмыс істейді.
Мекеме
Сабақтарды жоспарлайды, жүріп жатқан сабақтарды тікелей бақылайды, мұғалім жоқ болса қосалқы мұғалімді жібереді. Қай сабақтың шынымен өткенін де есептерден біледі.
Сұрақ-жауап
Шешім алдындағы сұрақтар.
Оқушыларға тіркелгі ашу керек пе?
Жоқ. Мұғалім мен оқушылар құпиясөзсіз, сол сабаққа арналған жеке сілтемемен кіреді. Мұғалімнің сілтемесі тек сол сабақтың уақытында жұмыс істейді, әкімші панеліне жол ашпайды.
Мектебіміз қолданып жүрген жүйемен жұмыс істей ала ма?
Superclass API арқылы қосылатындай жасалған: сабақ жоспарыңыз өз жүйеңізде қалады, тікелей сабақ Superclass-та өтеді. Қай жүйені қолданатыныңызға қарай қосылу ауқымын іске қосу кезінде бірге анықтаймыз.
Сабақтар жазыла ма?
Өзіңіз не таңдасаңыз, сол. Жазу режимі сабақ басталмай тұрып таңдалады: жазбасыз (әдепкі), дыбыс пен транскрипт, бейне не бейне мен транскрипт. Сабақ басталған соң режимді өзгертуге болмайды.
Белсенділік баллы оқушының үлгерімін көрсете ме?
Жоқ. Балл сабақта болу, қатысу, сөйлеу, қол көтеру, чат, сауалнама мен тестке қатысу сияқты сабақтағы әрекеттерден шығады. Ол оқушының сабаққа қаншалықты араласқанын көрсетеді, тіл деңгейін не оқу нәтижесін өлшемейді.
Мекемелердің деректері бөлек пе?
Иә. Әр мекеменің деректері бөлек сақталады: сіз басқа мекеменің жазбаларын көре алмайсыз, олар да сіздікін көрмейді. Мұғалімнің сабақ сілтемесі тек сол сабақта жұмыс істейді, есептерге не басқа сабақтарға жол ашпайды.
Сөйлесейік
Тікелей сабақтарыңызды Superclass-қа көшіруді сөйлесейік.
Қазіргі жүйеңізбен қалай жұмыс істейтінін, мұғалімдерді дайындауды және қай сабақтардан бастайтынымызды кездесуде нақтылайық.

